Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +23°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +25°
$
538.2
+1.44
629.64
-1.21
¥
75.57
+0.19
6.34
-0.11
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі үш сауда базары жаңартылып жатыр

Келесі жылдан бастап еліміздегі жаңартылмаған сауда базарлары жұмысын жалғастыра алмайды

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі үш сауда базары жаңартылып жатыр
Фото:
Устинка LIVE

Облыс орталығындағы "Заря", "Заречный" және орталық базарда жөндеу жүргізілуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"Заря" мен "Заречный" базарлары Сауда және интеграция министрлігінен мемлекеттік қолдау алды. Жалпы облыста мемлекеттік қолдау аясында ішкі сауда саласында шамамен 7 млрд теңге болатын 21 жоба жүзеге асырылуда. Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, сауда нысандарын аралап шықты.

Мәселен, 2002 жылы ашылған "Заря" - азық-түлік тауарлары басым универсалды бөлшек сауда базары болып табылады. 2024 жылы мұнда орталық коммуникацияларға қосылған екі жаңа бір қабатты павильон салынды. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2025 жылы автотұрақ аймағы абаттандырылып, тағы екі павильонның құрылысы жүргізілуде. Нысан осы жылдың соңына дейін толық жаңғыртудан өтеді деп жоспарланған.

Ал 1999 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан "Заречный" базарының аумағында 5 жабық ғимарат және бірнеше сауда қатары орналасқан. Өткен жылдан бастап стационарлық сауда нысанының құрылысы жүргізілуде, оны осы айда аяқтау жоспарланған. Инженерлік желілерді тарту және ішкі әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Нысан өз автотұрағымен қамтамасыз етілген.

2000 жылы пайдалануға берілген орталық базар екі негізгі стационарлық ғимараттан тұрады, онда азық-түлік те, азық-түліктен тыс тауарлар да сатылады. Сонымен қатар, аумағында павильондар мен сауда қатарлары орналасқан. Базарларды жаңғыртудың жол картасы аясында бұл нысанда да жұмыстар жүргізілуде.

Сауда базарларын толық жаңғырту - Үкіметтің басым міндеттерінің бірі. Бұл - заң мен тәртіп жолы. Сауда министрлігі қажетті нормативтік-құқықтық базаны толық әзірледі. Енді сауда нысандары өз қызметін заң талаптарына сәйкестендіруі тиіс. Ең алдымен, бұл — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Келесі жылдың басынан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды, - деді Ернұр Жәутікбаев.

ҚР Сауда министрлігі 2029 жылға қарай сауданың заманауи форматтарының үлесін 70%-ға жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сауда базарлары да заманауи стандарттарға көшуі тиіс, яғни өрт қауіпсіздігі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы, төлем карталары арқылы салық түсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етуі, сондай-ақ тұтынушыларға ыңғайлы автотұрақ аймақтарымен жабдықталуы қажет.

Следующая →