Өскемендегі Шнайдер көпіріне техникалық тексеру жүргізіледі
"Қазақстан Промтранспроект" ЖШС көпірді визуалды түрде қарап шықты

Көпірдің нақты жағдайын анықтап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енді техникалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шұғыл шараларды қабылдау және сапалы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету мақсатында бүгін "Қазақстан Промтранспроект" ЖШС өкілдерімен нысанды визуалды түрде қаралды. Алдағы күндері толық техникалық тексеру басталады, - деп мәлімдеді Өскемен қалалық әкімдігі.
"Қазақстан Промтранспроект" – 1958 жылдан бері көлік инфрақұрылымын жобалау саласында жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі ең ірі және тәжірибелі жобалау-іздестіру институттарының бірі. Көптеген жылдар бойы институт Қазақстанда және шетелдерде мыңдаған шақырым жолдар мен ондаған көпірлердің жобаларын әзірледі.