Алматы – Өскемен – Шемонаиха - РФ шекарасындағы жолда жөндеу жүріп жатыр
Жалпы ұзындығы 120 шақырым республикалық маңызы бар тас жолдың 93 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Жұмыстар құрылыс маусымы аяқталғанша бітеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ ақпаратына сүйеніп.
Жобада асфальтбетон жабынының екі қабатын төсеу арқылы қолданыстағы жол төсеміне ресайклинг жүргізу көзделген, - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ. - Бүгінгі күні 80 шақырым учаскеге асфальтбетон төселді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясымен шекарадағы бейтарап жолақта екі қабатты асфальтбетон жабындысы төселді. Бұрын бұл учаскеде тек қиыршық тасты-құмды жабын болған, ол алғаш рет заманауи асфальтбетонмен ауыстырылды.
Бекітілген кестеге сәйкес, 2025 жылғы құрылыс маусымының соңына дейін барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, объекті пайдалануға беріледі деп жоспарланған.