Өскемендегі Достық үйі маңындағы жол жабылады
Ертең мерекелік шараларға байланысты Металлургтер мәдениет үйінің маңайында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады

28 тамыз күні бұл аумақта реро-кеш ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Конституция күні мен қала күні аясында 90-шы, 2000-шы жылдар стиліндегі костюмді музыкалық кештің өткізілуіне байланысты 28 тамыз күні сағат 14:00-ден 22:00-ге дейін автокөлік қозғалысы уақытша тоқтатылады: Достық үйі аумағында ("Элегант" дүкенінің бойымен, Н. Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін, сондай-ақ Достық үйі бойымен өтетін жолда), - деп ескертті Өскемен қалалық әкімдігі.