Биыл жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады
Өйткені 1 қыркүйек демалыс күніне сәйкес келіп тұр

Жаңа оқу жылында ШҚО-да алғаш рет 9729 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі облыс әкімдігі ақпаратына сүйеніп.
ШҚО бойынша биыл алты жаңа мектеп ашылады:
- Өскемен қаласында №31, №40, №41 мектептері ("Келешек мектептері" жобасы аясында);
- Глубокое ауданында Белоусов жалпы орта білім беру мектебі №2 және Тәжірибе алаңы орта мектебі;
- Зайсан қаласында Сауыр жалпы орта білім беру мектебі (Білім инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен).
Өңірдегі барлық 319 мектеп асханасы жөнделді. Әр аудан мен қалада оқушылардың тамақ сапасын бақылайтын арнайы топтар жұмыс істейді.
Ұлан ауданы білім бөліміне қарасты Бозанбай орта мектебі Қазақстандағы ең үздік 100 мектептің бірі деп танылды. 1964 жылы салынған бұл мектеп бес жүзден астам оқушыға лайықталған, қазір мұнда 270 бала білім алуда, – деп атап өтті облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов. - 2024 жылы мектепке 271,5 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жасалды. Кейін "Қазақстан халқына" қоры тағы 250 млн теңге бөліп, мектептің материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Мұнда 30 оқу кабинеті, коворкинг аймақтары, жаңа спортзал, кітапхана, теле- және арт-студиялар, STEM-зертхана, заманауи жабдықталған акт залы бар.