Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +32°
$
533.87
-2.12
621.64
-4.72
¥
74.56
-0.34
6.64
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Елімізде тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді

"Бақыт құшағында" мюзиклы композитор Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналған

Усть-Каменогорск и ВКО / Елімізде тұңғыш қазақ тілді jukebox мюзикл түсірілді
Фото:
pixabay

23 қазаннан барлық кинотеатрларда көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Фильмнің бас продюсері әрі режиссеры New York Film Academy түлегі Санат Шапашовтың мәліметінше, фильм үшін арнайы Ш. Қалдаяқовтың 13 әні симфониялық оркестр сүйемелімен жазылып, саундтрек ретінде ұсынылады. Фильмнің шығармашылық тобына композитордың ұлы Мұхтар Қалдаяқов пен келіні Ботагөз Қалдаяқова да қолдау көрсетуде.

Басты рольдерде Дәурен Серғазин, 5 жылдық үзілістен кейін үлкен киноға оралған Әлия Әнуарбек, Шахмұрат Ордабаев, Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Айнұр Ильясова.

Джукбокс мюзикл – танымал әндерді пайдаланатын сахналық қойылым немесе музыкалық фильм. Бұл мюзиклдерде белгілі орындаушылардың үлкен репертуары бар және сюжеттер көбінесе олардың өмірі мен шығармашылығына негізделген немесе мюзикл үшін арнайы жасалған.

Бұл режиссер Санат Шапашовтың дебюты. Осыған дейін ол үлкен музыкалық тв жобалар арқылы және "Казахи" КВН командасы резиденті ретінде танылған.

Фильм түсірілімдері үшін арнайы Голливудтың әйгілі кинотуындыларын түсірген инновациялық кинокамера алдырылған. Фильм бір айдың ішінде толығымен қазақ тілінде және эпизодтар елорданың көркем жерлерінде түсірілген. "Бақыт құшағында" jukebox мюзиклы үшін бір түсірілім алаңына 230-ға жуық актер бас қосқан ең үлкен массалық көріністер бар. 

Следующая →