Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +18°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +17°
  • Шымкент
    +31°
$
535.99
-1.35
626.36
+3.31
¥
74.9
+0.05
6.64
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ҚР Конституциясы күні қарсаңында өскемендіктерге алғашқы куәліктері салтанатты түрде табысталуда

Өскемен қаласының ХҚКО-ларында #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджі жүріп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ҚР Конституциясы күні қарсаңында өскемендіктерге алғашқы куәліктері салтанатты түрде табысталуда
Фото:
"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Өскемен қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында 16 жасқа толған азаматтарға алғашқы жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Республикалық #ATAZAN_AZAMAT_KZ челленджі аясында азаматтарға алғашқы құжаттары салтанатты түрде естелік сыйлықтармен бірге табысталды.

Челлендж маңызды мемлекеттік мереке – Конституция күніне орайластырылып, әрбір азаматтың құқықтық мемлекет қалыптастырудағы рөлін айшықтауға бағытталған. Атап айтқанда, азаматтық құқыққа енді ғана ие болып жатқан жастарға ерекше көңіл бөлінуде. Алғашқы жеке куәліктің табысталуы олардың құқықтық мәртебесін ресми мойындаудың және қоғам өміріне белсенді араласуының белгісі болып табылады, – деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы.

Еске сала кетейік, 16 жасқа толған азамат жеке куәлік алу үшін ата-анасымен немесе заңды өкілімен бірге кез келген ХҚКО-ға барып, туу туралы куәлігін, ата-анасының жеке куәлігін ұсынып, мемлекеттік баж салығын (0,2 АЕК) төлеуі қажет.

Следующая →