Ертең ШҚО-да күн жауын-шашынды, дауыл соғады
Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, бұршақ жауады

Фото:
pexels
Облыс орталығында күндіз бұршақ жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазгидромет" ШҚО филиалының ақпараты бойынша 19 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғып, найзағай күтіледі.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.