Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +30°
$
538.03
+0.07
629.23
-1.04
¥
75.03
+0.05
6.74
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер анықталды

Экономикалық тергеп-тексеру департаменті заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияның алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер анықталды
Фото:
pexels

Нәтижесінде өңірдегі заңсыз лотереямен айналысқан аккаунттар мен онлайн-казиноны жарнамалаған блогерлер жауапқа тартылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жыл басынан бері әлеуметтік желілерді мониторингтеу нәтижесінде Instagram желісінде заңсыз лотерея қызметін жүргізген 12 аккаунт анықталған. Тексеру нәтижелері бойынша олардың иелері ӘҚБтК-ның 445-1-бабы, 6-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Маусым айында 2,3 миллион және 303 мың жазылушысы бар екі танымал блогердің стористерінде құмар ойындарға сілтемелер мен промокодтар жариялағаны анықталып, материалдар әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Онлайн кеңістік - құмар ойындардың, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында таралуының негізгі арналарының бірі болып отыр. Осыған байланысты біз интернет-контентке тұрақты мониторинг жүргізіп келеміз. Заңсыз ойын функционалы бар сайттарға сілтемелер цифрлық даму министрлігінің "Кибернадзор" жүйесіне бұғаттау үшін жолданады, - деп атап өтті ШҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің 2-Оперативтік басқармасының міндетін атқарушы Қуат Рахимбаев. - 2025 жылы 637 сайтты бұғаттауға сұраныс жолданып, олардың 591-і сәтті бұғатталды. Сонымен қатар, құмар ойындарды заңсыз көрсеткен 21 интернет-ресурс анықталды.

Следующая →