Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +22°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +18°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +29°
$
538.33
-0.24
626.99
-2.49
¥
75.02
6.71
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО, Түркістан және Жамбыл облыстарында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

Олар жайылымда жүрген жылқы мен ірі қараны айдап әкетіп, сойып, етін базарға өткізген

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО, Түркістан және Жамбыл облыстарында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды
Фото:
Устинка LIVE

Күдіктілер 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі Polisia.kz ақпаратына сүйеніп.

Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық бөліністері мал ұрлығына қатысы бар адамдардың қылмыстық әрекеттерінің жолын кесуге бағытталған ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz. - Нәтижесінде бір мезгілде елдің үш өңірінде, яғни Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, қылмыстық топ мүшелері қараусыз жүрген жылқы мен ірі қара малды еркін жайылымнан ұрлап отырған. Ұрланған мал алыс жерлерге айдалып, сол жақта сойылып, еті базарларға өткізілген.

Жедел іс-шаралар барысында күдіктілерден 55-тен астам ұрланған мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына (Мал ұрлығы) сәйкес оларға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін.

ІІМ азаматтарға төрт түлік малды қараусыз қалдырмауға және жоғалған жағдайда бірден полицияға хабарлауға шақырады.

Следующая →