Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +25°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +18°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +26°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +27°
$
540.87
+2.84
632.01
+2.78
¥
75.35
+0.32
6.76
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО алдағы төрт жылда туристер санын 650 мыңға жеткізбек

Жыл басынан бері өңірге 100 мыңға жуық турист келсе, оның 95 мыңы - өзіміздің қазақстандықтар

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО алдағы төрт жылда туристер санын 650 мыңға жеткізбек
Фото:
Устинка LIVE/В. Иванов

Өңірдегі қонақ үйлердің табысы 2 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Туризмге 15 млрд теңге инвестиция тартылып, 2 ірі нысан іске қосылды. Туристік бағыттарға апаратын 168 км жол жөнделуде (5 млрд теңге). Сонымен қатар, санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту үшін 12 жаңа санитарлық кешең орнатылды. Туризмге серпін берген тағы бір ірі қадам – Катонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайлардың құрылысы. Жұмыстар 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады деп күтілуде, - деп мәлімдеді ШҚО туризм басқармасының басшысы Ержан Сембинов.

Эко- және этно-туризм – өңірдің басты артықшылығы. Биыл Самар ауданында балық аулау фестивалі, Катонқарағайда "Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі" фестивалі өтті. 9 шілдеде ірі инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік инвесторларға облыстың әлеуеті таныстырылды.

Шекара маңында Марқакөл – Қанас (ҚХР) бағытында трансшекаралық маршрут әзірленуде. Жоба аясында жаңа шекаралық өткел мен туристік қалашық салу қарастырылған, - дейді басқарма басшысы. - Инфрақұрылым да назардан тыс қалған жоқ: 357 елді мекеннің 218-і интернетпен қамтылған. 2027 жылға дейін қалған 139 ауыл да интернетке қосылады. 136 демалыс базасының 79-ы интернетке қосылған.

Следующая →