Өскемен
ясно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +26°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +30°
$
537.96
-4.33
630.27
+0.73
¥
74.98
-0.46
6.73
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-ға 9 мыңға жуық шетелдік келген

Қазақстан шетелдік азаматтар үшін елге кіру талаптарын жеңілдетуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-ға 9 мыңға жуық шетелдік келген
Фото:
ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Жаңа ережелерге сәйкес, елімізге 30 тәулікке дейін келген шетелдік азаматтар үшін уақытша тіркеу талап етілмейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Егер шетелдік 30 тәуліктен артық уақытқа келсе, уақытша тұруға рұқсат рәсімделеді, - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімінің мамандары. - Бұл ретте шетелдік азаматтың өзі ешқайда бармайды - барлық рәсімдерді қабылдаушы тарап (жеке немесе заңды тұлға) шетелдік келген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді. Хабарлама электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы визалық-миграциялық портал арқылы беріледі. Уақтылы хабарлама берілмеген жағдайда, ӘҚБтК-ның 518-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Бүгінде 85 елдің азаматтары Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Оның ішінде 51 ел - біржақты тәртіпте, 34 ел - екіжақты келісімдер негізінде.

Шетелдік азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтық қорғалуын арттыру мақсатында QR-коды бар туристік карталар енгізілді. QR-кодты сканерлеу арқылы пайдаланушы SAFETRAVEL.KZ порталына өтеді. Онда келесі қауіпсіздік шаралары бойынша ұсынымдар; "102" мобильді қосымшасы арқылы полицияны шақыру және орналасқан орнын анықтау мүмкіндігі; байланыс операторлары, SIM-карталар, такси және өзге де сервистер туралы ақпарат бар.Портал қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде қолжетімді.

Қазақстанда тұрақты тұруды қалайтын шетел азаматтары тұрақты тұруға рұқсат алу үшін құжаттарын тапсырып, рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға өтініш бере алады. Айта кету керек, биылғы жылы Шығыс Қазақстанға 8700 шетелдік азамат келген, - деп мәлімдеді мамандар. - Ал егер Қазақстан азаматы басқа елдің азаматтығын алса, 30 күн ішінде Қазақстан Республикасының паспортын тапсырып, азаматтықтан шыққанын тіркеуі тиіс. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары тұрғылықты мекенжайы бойынша міндетті түрде тіркеуге тұруы қажет.

Следующая →