ШҚО қуаңшылыққа ұшыраған аймақтарға көмектесу үшін қор жинамақ
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аудан әкімдеріне шөп дайындау көлемін 120%-ға жеткізуді тапсырды

Бұл мүмкіндікті пайдаланып, басқа да қуаңшылыққа ұшыраған өңірлерге жем-шөп дайындауда көмек қажет болған жағдайда, біз қолдау көрсете алатындай қор жинауымыз керек, – деп атап өтті өңір басшысы.
Нұрымбет Сақтағановтың айтуынша, ең алдымен облыстың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету керек, содан кейін күрделі климаттық жағдайда әріптестерді қолдауға мүмкіндік беретін резерв қалыптастыру қажет. Тапсырманың орындалуын қадағалау аудан басшыларына жүктелді.