Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +30°
$
538.03
+0.07
629.23
-1.04
¥
75.03
+0.05
6.74
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жаздың екі айында 6 адам суға батып кеткен

Барлық жазатайым оқиға суға түсуге арнайы жабдықталмаған жерде орын алған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жаздың екі айында 6 адам суға батып кеткен
Фото:
ШҚО ТЖД

Қауіпсіздік ережелерін бұзған 32 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов атап өткендей, көбінесе жүзу кезінде азаматтардың өз күштерін асыра бағалауы қайғылы жағдайларға себеп болады.

ШҚО ТЖД қызметкерлері шомылу маусымы басталғаннан бері еріктілермен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тұрақты негізде профилактикалық акциялар мен шаралар өткізуде. Бүгінгі таңда 1320-дан астам рейд жүргізіліп, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Жазғы кезеңнің басынан бастап патрульдеу барысында құтқарушылар 13 демалушыға дер кезінде көмекке келіп, олардың өмірін сақтап қалды. ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 32 бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Судағы қауіпсіздік ережелері:

  • Тыйым салу белгілеріне назар аударыңыз және тек жабдықталған жағажайларда жүзіңіз
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз
  • Қалтқылардан аспаңыз
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз
Следующая →