Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +21°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +19°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +30°
$
538.03
+0.07
629.23
-1.04
¥
75.03
+0.05
6.74
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО прокуратурасы әлемжелідегі әдеп жайлы ескертті

Әлеуметтік желіде араздықты қоздыру, сепаратизм және жаулыққа шақыру әрекеттері үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО прокуратурасы әлемжелідегі әдеп жайлы ескертті
Фото:
pexels

Өйткені заң органдары виртуалды әлемнің арғы жағында отырғандарды жылдам әшкерелейді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО прокурорлары цифрлық технологиялар дәуірінде және әлеуметтік желілерде ақпараттың кеңінен таралуы жағдайында Қазақстанның құқық қорғау органдары азаматтарды онлайн кеңістікте қырағы болуға және заңды сақтауға шақырады. Әсіресе, этносаралық келісім мәселелеріне және интернеттегі арандатушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылады.

Қазақстан – көпұлтты мемлекет, мұндағы халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім – тұрақтылықтың негізі. Алайда соңғы кезде тұрмыстық жанжалдар әлеуметтік желілерде бұрмаланып, этносаралық араздықты қоздыруға себеп болып жатқан жағдайлар жиілеп кетті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, мұндай әрекеттердің артында жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында жалған әрі арандатушы ақпарат тарататын арам пиғылды блогерлер тұрады, - делінген ШҚО прокуратурасының ақпаратында.

Құқық қорғау органдары еске салады: араздықты қоздыру, сепаратизм және жаулыққа шақыру әрекеттері үшін Қылмыстық кодекстің 174 және 180-баптары бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Әрбір азамат білуі тиіс жайттар:

  • Арандатушылық жазбаларға пікір жазбаңыз және оларды таратпаңыз;
  • Күмәнді тікелей эфирлер мен чат-рулеткаларға қатыспаңыз;
  • Интернеттің әсеріне әсіресе бейім балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз;
  • Қақтығыс жағдайын байқаған жағдайда оны әлеуметтік желіге жарияламай, 102 нөміріне немесе жергілікті құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Интернетте анонимдік жоқ. Әр адам виртуалды кеңістікте жасаған әрекеттері үшін де жауап береді. Заң жылдам әрі тиімді жұмыс істейді, – деп атап өтті облыстық прокуратурада. - Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және желідегі кез келген хабарламаларға парасатпен қарауға шақырамыз.

Следующая →