Өскемен
малооблачно
+16°
  • Өскемен
    +16°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +27°
  • Шымкент
    +30°
$
539.38
+2.80
629.46
+6.71
¥
75.14
+0.46
6.76
+0.05
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер ауылындағы көшелерді көктем-күзде енді су баспай ма?

Қойшыбаев, Қыз Жібек, Қозы Көрпеш, Ұстаздар көшелерінің бойына су ағып өтетін науа төселуде

Усть-Каменогорск и ВКО / Ахмер ауылындағы көшелерді көктем-күзде енді су баспай ма?
Фото:
Таза Өскемен

Жалпы ұзындығы 485 метр болатын желілік су ағызатын науаны "Таза Өскемен" кәсіпорнының мамандары орнатуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көктемде Ахмердің кей көшелеріне жаңбыр суы мен қарғын су жайылып, аяқ алып жүру мүмкін болмай қалады. Жергілікті халық шағымынан кейін жергілікті әкімдік бұл ауданда толық су бұру инфрақұрылымын құру жұмыстарын бастады.

"Таза Өскемен" кәсіпорнының ақпараты бойынша, жер үйлердің ауласына кіреберістеріне ұзындығы 242 метр, диаметрі 250 мм (екі тармақ) құбырларды төсеу жұмыстары аяқталды.

Таза Өскемен

Ахмер ауылына үйлер салынбай тұрып көктем айын дәл осы аумақ арқылы беткейлерден еріген су Ертіске құйылатын. Алайда геожоспардың өзгеруіне байланысты бұл функцияларды техникалық толықтыру қажеттілігі туындады.

Науаларды төсеу - ұйымдастырылған су бұру жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл жер үсті суларын жолдан және оған іргелес аумақтан жинауға, дұрыс бағыттауға және судың жайылып кетпеуіне септігін тигізеді, - деп мәлімдеді "Таза Өскемен" кәсіпорны. - Жұмыстың мақсаты-су басу қаупін азайту ғана емес, сонымен қатар шағын ауданды одан әрі дамыту үшін тұрақты инженерлік негіз құру.

Жұмыстар жалғасуда және жекелеген учаскелердің гидрологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңмен жүргізілетін болады.

Следующая →