Өскемендегі мүмкіндігі шектеулі жандар арбасын тегін жөндете алады
І және ІІ топтағы мүгедек азаматтар үшін арбаларды (кресло-коляска) кешенді жөндету және жаңғырту қызметі тегін

Бұл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кресло-арба, балдақ немесе жүріп-тұруға арналған құралды жөндету үшін "AVA мүгедектер одағы" қоғамдық бірлестігіне жүгіну қажет. Ол үшін үшін мүгедектік туралы анықтама мен жеке куәліктің көшірмесін ұсыну қажет. Жөндеу қызметтері өтеусіз қызмет көрсету туралы шарт негізінде көрсетіледі. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін орындалған жұмыстар актісіне қол қою қажет. Сондай-ақ жөндеуге балдақтар мен жүріп-тұруға арналған құралдарды (ходунки) тапсыруға болады, - деп хабарлайды облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы.
Мекенжайы: Н. Назарбаев даңғылы, 86. Байланыс телефондары: 8-705-282-35-90, 8-705-258-17-15.