Өскемен
малооблачно
+13°
  • Өскемен
    +13°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +17°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +31°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +29°
  • Павлодар
    +13°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +30°
  • Шымкент
    +31°
$
541.82
-1.42
627.1
+7.21
¥
75.52
+0.19
6.78
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен – Риддер бағытындағы жол құрылысы қазан айында аяқталады

ШҚО-да "Өскемен – Риддер" автожолын қайта жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен – Риддер бағытындағы жол құрылысы қазан айында аяқталады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы ұзындығы 105 шақырымды құрайтын, 11 елді мекенді байланыстырып тұрған бұл жол тұрғындар мен туристер үшін стратегиялық маңызға ие, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйенсек, өткен жылы жолдың Өскемен мен Секисовка арасындағы алғашқы 30 шақырымдық бөлігі толық жөнделіп, асфальтбетон жабындысының 11 см қалыңдықтағы екі қатары төселді.

Қазір Секисовкадан Риддерге дейінгі қалған 75 шақырымдық тас жолында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарды екі мердігер ұйым атқаруда, олар: "Kurylys Group RK" ЖШС (30–70 км учаскесі) және "Востоквзрывром" ЖШС (70–105 км учаскесі). Жобаға 160-тан астам маман мен 60-тан аса техника жұмылдырылған.

Бүгінде 49 шақырымда жолдың негізі ресайклинг әдісімен жаңартылып, 42 шақырымда астыңғы асфальт қабаты, 8 шақырымда үстінгі қабат төселген. Жол негізінің сапасына ерекше көңіл бөлінуде: ескі жабын алынып, шөгу мен жарықтарды болдырмай алдын алу үшін барлық талаптар сақталуда. Таулы аймақта жол дұрыс болуы үшін су өткізгіш құрылымдарды жөндеу жұмыстары да басты назарда.

Барлық жұмыстар "Восток Инжиниринг" ЖШС және "DJ Emporio" ЖШС техникалық қадағалау қызметтерінің бақылуында. Сонымен қатар, "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ ШҚОФ және Ұлттық жол активтері сапасы орталығы да қосымша мониторинг жүргізуде. Бұл технологиялардың бұзылуын болдырмай, барлық жөндеу кезеңдерінің нормативке сай болуын қамтамасыз етеді. Айта кетейік, жол жабынына үш жылдық кепілдік беріледі – осы мерзімде мердігерлер туындаған ақауларды өз есебінен жөндеуге міндетті.

Бұл жай ғана жол емес – бүкіл өңірдің тіршілігі жүретін күретамыр. Бірнеше жылдан кейін бұл жолда толқынды иректер мен шұңқыр пайда болмауы керек. Мерзім емес, сапа маңызды. Оның үстіне, бұл – ең танымал туристік бағыттардың бірі. Сондықтан Риддер мен Глубокое аудандарының әкімдері жол бойындағы сервистік нысандарды ашу үшін кәсіпкерлерді тарту жұмыстарын қазірден бастауы керек, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Айта кету керек, өңір үшін маңызды бұл көлік артериясының қайта жаңғырту жұмыстары биылғы жылдың қазан айында толық аяқталады деп жоспарлануда.

Следующая →