Түрменің темір қоршауынан бірнеше смартфон лақтырмақ болған
Оқиға кеше Өскемендегі №16 түзеу мекемесінде орын алды

Мекеме күзетшілері мен әскери қызметкерлер заң бұзған азаматты ұстады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Кеше 15.30 уақыт шамасында Өскемен қаласының №16 түзеу мекемесінің қызметкерлерімен бірге №6699 әскери бөлімінің бақылау қызметінің взвод командирі тыйым салған аймақтақтың бірін торауылдау кезінде қоршаудың сыртқы жағынан ішке қарай белгісіз заттарды лақтыруға әрекеттенген азаматты қолға түсірді, - деп хабарлайды ҚР ҰҰ "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Тексеру барысында ұсталған азамат сотталғандарға "Oppo" маркалы бірнеше смартфон лақтырмақ болғаны анықталды.
Тыйым салынған заттар жедел түрде тәркіленіп, акт жасалып, құзырлы органдарға тапсырылды.