Өскемен
малооблачно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +19°
  • Ақтөбе
    +23°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +20°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
518.34
-0.63
607.91
+0.61
¥
72.24
-0.04
6.66
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қару-жарақты қалай заңды түрде алуға болады?

Заңнамаға сәйкес, азаматтық қаруды сатып алуға Қазақстан Республикасының 21 жасқа толған азаматтары құқылы

Усть-Каменогорск и ВКО / Қару-жарақты қалай заңды түрде алуға болады?
Фото:
pexels

Алайда қару сатып алу және сақтаудың өзіндік талап-ережелері бар, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Рұқсатты рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына eGov порталы арқылы электрондық өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызмет көрсету және өтінішті қарау мерзімі тіркелген күннен бастап 15 жұмыс күніне дейін, - деп еске салаты ШО ПД. – Ол үшін аңшы куәлігі; қару иеленуге қарсы медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығын растайтын медициналық анықтама; қарумен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері бойынша білімін тексеруден өткені туралы анықтама қажет.

Рұқсат алғаннан кейін қару белгіленген талаптарды қатаң сақтай отырып сақталуы тиіс:

  • қабырғасының қалыңдығы кемінде 3 мм болатын берік қару сейфінде;
  • сейф еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілуі тиіс;
  • сейфтің есігі ішкі құлыппен жабдықталуы қажет.

Қалалық жерде қару сақтайтын орын дабыл жүйесімен жабдықталуы тиіс, ол дабыл сигналы иесіне, отбасы мүшелеріне немесе күзет ұйымына берілуі мүмкін. Қандай күзет жүйесін орнату керектігін қару иесі өзі шешеді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі. - Қару сақтау ережелері мен талаптарын сақтау - иесінің міндеті ғана емес, сонымен қатар жеке және қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі.

Следующая →