Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +22°
  • Ақтөбе
    +26°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +21°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +34°
$
519.51
611.83
¥
72.54
6.6
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімі-жітім жиілеген

Ұлан ауданы, Риддер қаласы мен Тарбағатай аудандарында былтырғымен салыстырғанда биыл көп жағдай тіркелді

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлімі-жітім жиілеген
Фото:
Устинка LIVE

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының мәліметінше өңірде жүрек аурулары өлім-жітім себептері арасында әлі де алдыңғы орында тұр, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысының халқы 724 мың адамды құрайды. Оның ішінде 638 мыңы – ересектер, 13 мыңы – жасөспірімдер, 71 мыңы – балалар. 2024 жылдың қорытындысы бойынша табиғи өсім 15,6%-ға төмендеген. Туу көрсеткіші де азайған: 2025 жылдың бірінші тоқсанында бұл көрсеткіш 1000 адамға шаққанда 9,60-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,2%-ға аз.

Өңірде жалпы өлім-жітім бойынша оң динамика байқалады – 2025 жылдың алғашқы үш айында көрсеткіш 7,0%-ға азайған. Алайда осы жағдайға қарамастан, қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім артып келеді, - деді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнаш Капанова. - Атап айтқанда, 2025 жылдың алғашқы үш айында қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар саны 5,2%-ға өсіп, 100 мың адамға шаққанда 238,31-ден 250,66-ға дейін жеткен. Ең жоғары өсім Улан ауданында тіркелді – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге артқан, өсім – 11 жағдай; Риддер қаласында – 1,4 есеге артқан, өсім – 13 жағдай; Тарбағатай ауданында – 1,3 есеге артқан, өсім – 2 жағдай.

2025 жылдың басынан бастап облыста қан айналымы жүйесі ауруларын ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулер жүргізілуде. Жоспар бойынша 3272 адам тексерілуі тиіс болса, 1 маусымға дейін 2369 адам тексеруден өтті - бұл жоспарланған топтың 72%-ын құрайды. Тексерілген азаматтардың ішінде 55 адамда жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары анықталды: 48-інде артериялық гипертензия, 7-інде ишемиялық жүрек ауруы. Тереңдетілген тексеруден кейін 36 пациент диспансерлік есепке алынды.

Мамандардың айтуынша, медициналық көмектің қолжетімділігі мен профилактикалық шараларға қарамастан, жүрек аурулары өлім-жітім себептері арасында әлі де алдыңғы орында тұр. Халықтың денсаулығын сақтау үшін тұрақты тексерулер, дер кезінде ем алу және салауатты өмір салтын ұстану - негізгі шешім болып қала береді.

Следующая →