Шығысқазақстандық полицей елдегі үздік мергендер қатарында
Павлодар қаласында ҚР ІІМ жауынгерлік қарудан оқ ату бойынша чемпионаты өтті

Оған елдің түкпір-түкпірінен келген күштік, арнайы және құқық қорғау органдарының 130 қызметкері қатысты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі атап өткедей, турнир "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының 100 жылдығына орай және "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Ауқымды жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген күштік, арнайы және құқық қорғау органдарының 26 командадан 130 қызметкер қатысты.
Қатысушылар Калашников автоматы мен Макаров тапаншасынан (қашықтығы сәйкесінше 100–150 және 25 метр) оқ ату бойынша жаттығуларды орындап, топтық және жекелей есепте өзара бақ сынады.
Жарыста ерекше көзге түскендердің бірі — ШҚО ПД жылдам қимылтайтын арнайы жасағының рота командирі, полиция майоры Эльдос Станбеков. Ол өз командасын лайықты түрде таныстырып, жоғары кәсіби шеберлік пен мергендік дайындықты паш етіп, 2-орынды иеленді, - деп мәлімдеді ШҚО ПД. - Майор Станбеков мұндай чемпионаттарға сегізінші рет қатысып отыр, оның ішінде алты рет жүлдегер атанған. Бұл нәтижелер оның Қазақстан полициясы арасындағы үздік мергендердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.