Өскемен
ясно
+23°
  • Өскемен
    +23°
  • Алматы
    +30°
  • Астана
    +30°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +29°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +39°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +34°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +36°
$
519.57
+1.20
612.78
+2.81
¥
72.56
+0.25
6.61
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскеменде күй тартысы және домбыра көрмесі ұйымдастырылады

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісі - Ұлттық домбыра күні деп бекітілген

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскеменде күй тартысы және домбыра көрмесі ұйымдастырылады
Фото:
depositphotos.com

Ұлттық домбыра күні – ата-бабаларымыздан аманат болып жеткен төл өнерімізді дәріптейтін ерекше күн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Осы мерекеге орай Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығы қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірінде ауқымды шара өткізбек.

Ұлттық өнерді ұлықтау, жастарды төл мәдениетке баулу және рухани мұраны кеңінен насихаттау мақсатында барша қала тұрғындары мен қонақтарын "Күмбірле, домбыра!" шарасына шақырамыз. Бұл күні домбырашылардың күй тартысы; концерт; музей қорындағы танымал тұлғалардың жылжымалы домбыра көрмесі; қазақ өнері мен қазақ музыкасының қайраткері күйші, композитор Уатхан Жүнісовтың ғылыми еңбектерінен "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!" көрме; "Домбыра – асыл мұра" тақырыбында викторина ұйымдастырылады, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Мерекелік шара 6 шілде күні сағат 12.00-де "ADK River" сауда орталығы (Қазақстан, 62) өтеді.

Следующая →