Өскемен
малооблачно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +27°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +24°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +31°
$
519.29
-0.35
613.28
+4.05
¥
72.51
-0.02
6.62
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі 600 орындық мектеп құрылысы күзге дейін аяқталады

І. Есенберлин көшесіндегі жаңа білім ордасы "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында салынып жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі 600 орындық мектеп құрылысы күзге дейін аяқталады
Фото:
t.me/AMANATPartiyasy

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Өскемендегі жаңа мектептің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жаңа мектеп заман талабына сай: химия және робототехника кабинеттері, кітапхана, жеделсаты, асхана, инклюзивті орта, пандустар мен тактильді жолақтар қарастырылған. Мердігерлердің айтуынша, мектеп ғимараты жаңа оқу жылы басталғанға дейін толықтай пайдалануға беріледі.

Өскеменде жаңа заманға сай мектеп салынуда. Дегенмен ондай білім ордасында ынталы, білікті мұғалімдер жұмыс істемесе, бұл істің мәні шамалы. "Педагог мәртебесі туралы" заңның арқасында біз соңғы жылдары тек жалақыны көтеріп қана қойған жоқпыз, мектепке үздіктерді тартуға, оларды дамытуға мүмкіндік беретін жағдай жасадық. Бұл – сапалы білім берудің берік іргетасы, – деді депутат.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында бес жаңа білім беру мекемесі пайдалануға берілді. Олар Шемонаиха, Риддер, Өскемен қалаларында және Глубокое ауданына қарасты Белоусовка ауылында орналасқан. Соның ішінде Шемонаиха ауданындағы Шәкәрім атындағы №4 және Риддер қаласындағы №12 жалпы білім беретін мектептердің оқушылары ескі, тозығы жеткен ғимараттардың орнына салынған заманауи мектептердің табалдырығын алғаш аттады. Бұл – "AMANAT" партиясының өңірде үш ауысымды және апатты мектептерді жою, кадр жетіспеушілігін азайту және инфрақұрылымды жаңарту жолындағы жұмысының айқын көрінісі.

Следующая →