Ертең балалар Өскемендегі хайуанаттар бағына тегін кіре алады
Сол жағалау кешендегі хайуанаттар бағының ашылғанына биыл 25 жыл толады

Фото:
Устинка LIVE
Мерейтойға орай зообақта мерекелік бағдарлама ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жұма күні, 27 маусымда, хайуанаттар бағының аумағында шотландтық пони мен түрлі жануарлар бейнеленген тантамарескалары бар фотоаймақ ұйымдастырылады. Сондай-ақ балалар жақсы көретін үй жануарларының көрмесі болады. Балалар бормен асфальтқа сурет салып, түрлі сыйлықтары бар байқаулар мен викториналарға қатыса алады.
Балаларға арналған бағдарлама 10.00-ден 13.00-ге дейін.