Темірбек Қасымжанов Өскемен қаласы әкімінің лауазымынан кетеді
Бұл ақпарат өткен аптада әлеуметтік желілерде пайда болды. Алайда сол кезде ШҚО Ішкі саясат басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарған
Фото:
Виталий Иванов
Адайда бүгін белгілі болған ақпараттарға сәйкес Темірбек Қасымжанов әкім лауазымынан кетеді. Ол «жауапты жұмыстан қажып, тыныш жұмысқа ауысқысы келетінін айтты» деп хабарлады біздің дереккөз. Сонымен қатар, Темірбек Қасымжанов өзінің лауазымнан босатылуын сайлауға дейін хабарлаған көрінеді.
Темірбек Қасымжанов қала басшысы лауазымын 2013 жылдың 25 мамырынан бастап атқарып келді. Ол қала тарихында екінші рет тағайындаған әкім саналады.
Өскемен қаласының жаңа әкімін ертең қалалық маслихаттың кезектен тыс сессиясында таныстыратын болады. Бейресми деректер бойынша қала басшысы лауазымына ШҚО әкімі аппаратының басшысы Ерлан Айтмукашев тағайындалады.
Ерлан Қарапұлы өзінің еңбек жолын Павлодар педагогикалық институтынан бастады. Кейін Павлодар облысы әкімдігінде бас маман болды. Сонымен қатар, ҚР Примьер-министрінің көмекшісі лауазымын да атқарған екен.