ШҚО театрында Иран-Ғайыптың "Алтын ажал" дастаны сахналанады
Қойылымның тұсаукесері осы аптада – 21 маусым күні

Премьераға автордың өзі де қатысады деп жоспарлануда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қасіретнама жанрындағы шығарманы талантты театр шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мұрат Ахманов сахналайды.
"Алтын ажал" – отансүйгіштік, рухани күрес, адамзаттың ішкі қақтығыстары мен тектілік жайлы терең философиялық туынды. Қойылымда тарихи сана, ұлт тағдыры, болмыстың мәні секілді күрделі сұрақтарға көркемдік шешім арқылы жауап ізделеді.
Қойылымды сахналауда заманауи театрдың көркемдік құралдары мен ұлттық драматургияның терең мазмұны үйлесім тауып, көрерменді терең ойға жетелейді. Сахналық бейнелер мен мизансценаларда ішкі рухани толғаныс, трагизм мен үміт қатар өрбиді, - деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының баспасөз қызметі.
"Алтын ажал" қойылымының премьерасы 21 маусым күні сағат 17.00-де.