Өскеменде Абай ескерткішін жаңарту жұмыстары басталды
Республика алаңында орналасқан Абай Құнанбаев ескерткішінде жөндеу-реставрациялау жұмыстары басталды

Реставрациялық жұмыстар ұлы ақын әрі ойшыл Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай басталды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра 2009 жылдың 29 тамызында салтанатты түрде ашылған. Оның авторлары – танымал қазақстандық мүсіншілер Ескен Серғебаев пен Бақытжан Әбішев. Мүсін Қазақстан Суретшілер одағының Қарағанды филиалында дайындалған.
Реставрациялық жұмыстар облыстық бюджет есебінен қаржыландырылып отыр. Жұмысты тарихи және мәдени ескерткіштерге ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізуге лицензиясы бар "AGM Service" ЖШС компаниясы атқарады.
Ескерткішті 30 шілдеге дейін жаңарту жоспарланып отыр.