4 мыңнан астам бала ШҚО бюджеті есебінен қала сыртына демалысқа барады
Биыл 4 403 балаға әртүрлі форматтағы жазғы демалыс ұйымдастырылады

Балалардың бос уақытын сапалы ұйымдастыру және сауықтыру мақсатында өңірде 12 қала сыртындағы лагерлер жұмысын жалғастырады, онда 3 923 бала тегін демалады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры айтарлықтай қолдау көрсетуде. Қордың көмегімен ауыл мектептерінен 185 оқушы "Дарын" лагеріне тегін жолдама алды. Сондай-ақ, күндізгі мектеп жанындағы 270 лагерь бар. Биыл бірегей "Қонақжай отбасы" жобасы жалғасады, - деп хабарлайды ШҚО білім басқармасы. - Биыл бұл жоба аясында 140 бала қазақ тілді ортаға еніп, тілді тұрмыстық жағдайда үйренуге мүмкіндік алады. Бағдарлама аясында қазақ тілін үйрету, өңірдің дәстүрі, мәдениеті, тарихымен танысу, халық аспаптарында ойнау бойынша шеберлік сабақтарына қатысу және Шығыс Қазақстанның қасиетті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылады.
Өңірде алғаш рет балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған "Киелі Шығыс" жобасы басталады. 200 оқушы білім беру және танымдық турларға қатысып, ашық аспан астындағы мұражай – Берел қорғандары, Қиын-Керіш шатқалы, жартасқа салынған суреттер, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер мен тарихи және табиғи ескерткіштерді тамашалайды.