Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +29°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +23°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +30°
  • Қостанай
    +28°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +29°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +33°
$
518.37
-0.92
609.97
-3.31
¥
72.31
-0.20
6.6
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Бүгін шығысқазақстандық оқушылар "IQanat" олимпиадасының ақтық сынына аттанады

Білім байқауының республикалық кезеңіне ШҚО-дан 38 оқушы қатысады

Усть-Каменогорск и ВКО / Бүгін шығысқазақстандық оқушылар "IQanat" олимпиадасының ақтық сынына аттанады
Фото:
iqanat.kz

Бұл оқушылар ауылдық мектептерде оқитынын айта кеткен жөн, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

2025 жылғы 13 маусым күні сағат 20.45-те Өскемен 1 – Алматы бағытындағы пойызбен "IQanat" республикалық олимпиадаға қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысынан 38 оқушы жолға шығады.

"IQanat" білім беру қоры – ауылдық жерлердегі дарынды оқушыларға қолдау көрсететін әлеуметтік-білім беру ұйымы. Қордың олимпиадасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп, еліміздің әр аймағындағы үздік оқушылардың қатысуымен жыл сайын ұйымдастырылады.

Аталған мектеп оқушылары – бұған дейін IQanat республикалық олимпиадасының финалистері атанып, сапалы білім алып шыққан ауыл оқушылары. Енді олар республикалық деңгейде өтетін ғылыми жобалар байқауы мен пәндік олимпиадада бақ сынамақ.

IQanat Олимпиадасына жыл сайын ауылдардың 50 000-нан астам 8-сынып оқушысы қатысады. Олардың 70 пайызы әлеуметтік тұрғыда осал отбасылардан шыққан. IQanat – жай жарыс қана емес, ол Nazarbayev University, University of Chicago, Purdue University сынды Қазақстан және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге арналған үш жылдық сапалы дайындықтың мүмкіндігі.

Следующая →