Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +28°
  • Актау
    +24°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +26°
  • Қызылорда
    +30°
  • Павлодар
    +22°
  • Петропавловск
    +26°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +30°
$
508.42
-0.08
580.72
+0.06
¥
70.77
-0.05
6.48
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Назарбаев даңғылындағы 14 үйдің сырты жөнделеді

Үйлердің қасбеттерін сылап, сырлаудан өзге, балкондардың қаптамасы мен кондиционер блоктары жаңартылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Назарбаев даңғылындағы 14 үйдің сырты жөнделеді
Фото:
Устинка LIVE

Өскемен қалалық мәслихатының депутаттары Назарбаев даңғылындағы ғимараттардың қасбеттерін жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Назарбаев даңғылы – облыс орталығының басты көшелерінің бірі. Сол себепті осы маусымда даңғыл бойында орналасқан 14 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері жөнделіп жатыр, жұмыстар ерекше бақылауға алынған.

Күні кеше қалалық мәслихат депутаттарынан құралған жұмыс тобы барып, жұмыстардың сапасын, мерзімін және ғимараттардың сәулеттік сәйкестігін бақылап қайтты.

Мердігерлер жұмыстың белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Жөндеу жұмыстары тек сылақ қабатын қалпына келтіру мен сырлаумен шектелмейді. Сонымен қатар нысандарда су ағызу жүйелері, сәндік элементтер, соның ішінде балкондардың қаптамасы мен кондиционер блоктарының сыртқы бөлігі де жаңартылып жатыр. Қазіргі таңда жұмыстардың 70%-ы аяқталған.

Айта кетейік, жоспарланған 14-ке қосымша бюджетті үнемдеу есебінен қаланың орталық даңғылындағы тағы төрт үй ретке келтірілмек.

Жақын арада жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер өткізіледі, - деді Өскемен мәслихатының төрағасы Александр Светаш. - Сондай-ақ одан әрі Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде тағы үш үйге жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Бірақ сылақ емес, әрлеудің басқа түрлері қолданылады. Қазіргі таңда қандай жөндеу жүргізілетіні және оны жасайтын ұйым анықталуда.

Следующая →