Өскемен
ясно
+25°
  • Өскемен
    +25°
  • Алматы
    +31°
  • Астана
    +26°
  • Ақтөбе
    +25°
  • Актау
    +25°
  • Орал
    +26°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +35°
  • Павлодар
    +28°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +36°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +39°
$
519.51
-0.06
611.83
-0.95
¥
72.54
-0.02
6.6
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жолдардың бойына қызмет көрсету кешендері орнатылады

Бұндай кешендерде дәретхана мен демалып отыруға арналған павильон, тіпті экспресс дәмхана мен дүкені болады

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жолдардың бойына қызмет көрсету кешендері орнатылады
Фото:
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Үлкен Нарын ауданына баратын жол бойында осындай сервистік кешен орнатылып қойған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Үлкен Нарын ауылына жұмыс сапары барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде, соның ішінде аудан орталықтары мен ауылдарда туризмді дамытуда жол бойы сервистің маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Үлкен Нарын ауданы әкімдігі мен "ҚазАвтоЖол" АҚ бірлесе ашқан сервистік нысан аудан инфрақұрылымын жақсартуға, туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті кәсіпкерлерді қолдау көзделуде.

Туризмді дамыту үшін ең алдымен жол, инфрақұрылым және жол бойы сервистік қызметтер қажет. Өткен жылы облыс бойынша 710 шақырым жол жөнделді, биыл тағы 870 шақырым жолды жөндеуді жоспарлап отырмыз. Жергілікті атқарушы органдар жол бойы сервистік нысандарға электр қуаты, ауыз су, кәріз жүйесін жеткізеді, ал "ҚазАвтоЖол" аялдап, демалып, шай, кофе ішуге болатын павильон кешендерін орнатады, – деді облыс әкімі.

Жол бойы сервистік кешенде түрлі кофе түрлері мен қоспалары ұсынылатын экспресс-кафе, дәстүрлі рецепт бойынша дайындалған балғын нан-тоқаштар, азық-түлік пен күнделікті қажетті тауарлар дүкені бар.

Бұдан бөлек, кешенде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық аймақтары бар көп орынды әжетханалар, ана мен бала бөлмесі және намаз оқуға арналған арнайы бөлме қарастырылған.

Әкімнің айтуынша, осындай жол бойы сервистік кешендер облыстың басқа да жолдарында, шамамен әрбір 50–60 шақырым сайын орнатылатын болады.

Следующая →