Өскемен
облачно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +28°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +18°
  • Актау
    +27°
  • Орал
    +25°
  • Қарағанды
    +26°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +22°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +24°
  • Тараз
    +29°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +31°
$
541.45
-3.42
631.17
-7.85
¥
75.48
-0.54
6.78
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен жылу электр орталығы студенттерге экскурсия ұйымдастырды

Бұл шара Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен жылу электр орталығы студенттерге экскурсия ұйымдастырды
Фото:
Устинка LIVE

Студенттер өндіріс орнындағы экологиялық мониторингтің қалай жұмыс істейтінін, шығарындылар қалай бақыланатынын және қазіргі заманғы кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғауға қалай үлес қосатынын көрді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Айта кетейік, 1972 жылы Біріккен ұлттар ұйымы экология мәселесіне адамзат назарын аудару үшін 5 маусымды Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні деп белгіледі. Бұл күн әлемдегі халықтың назарын қоршаған ортада болып жатқан проблемаларға аударуды көздейді. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті бейінді жоғары оқу орындарының студенттеріне өңірдің негізгі кәсіпорындарының бірі - "Өскемен ЖЭО" ЖШС-ға экскурсия ұйымдастырды.

1947 жылдан бері жұмыс істеп тұрған бұл станция Өскемен қаласының 80 пайыздан астамын жылумен қамтамасыз етіп отыр.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС өңірдегі жылу электр қуатын өндіруші әрі қоршаған ортаны ластаушы ірі кәсіпорындардың бірі. Экскурсия студенттерді өндіріс орнының санитарлық-өндірістік зертхана жұмысымен таныстырып, ауаға бөлінетін шығарындыларды азайту жолдары, кәсіпорын экологтарының өндірістік экологиялық бақылауды қалай жасайтыны және қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзырлы органдар алдында қалай есеп жүргізетіні жайлы ақпарат беруді көздейді, - дейді ШҚО экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Досан Олжабаев. - "Таза Қазақстан" тұжырымдамасын жүзеге асырудағы басты міндеттердің бірі – өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру беру, яғни қоршаған ортаны таза ұстауға, аялауға үйрету.

Студенттер кәсіпорындағы қауіпсіздік ережелерімен танысқан соң экскурсия корпоративтік оқыту орталығынан басталды. Қонақтар энергетика саласындағы кадрлар даярлау жүйесімен және өнеркәсіптік білім беру шеңберінде экологиялық стандарттарды енгізу тәжірибесімен танысты. Орталық жетекшісі Наталья Слабодчикова персоналдың, мердігерлер мен студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, еңбекті қорғау және экологиялық тұрақты құзыреттерді дамытуға бағытталған оқу бағдарламалары туралы баяндап берді.

Орталық заманауи жабдықталған дәрісханалармен, жылу және электр энергетикалық жабдықтар полигонымен, сондай-ақ өндірістік қауіпсіздік бойынша білім тексеру үшін автоматтандырылған тестілеу бағдарламасы орнатылған арнайы кабинетпен қамтамасыз етілген.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС-ның Корпоративтік оқыту орталығы — мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру ісіндегі маңызды буын. Оның басты мақсаты — қызметкерлердің кәсіби және тұлғалық әлеуетін дамыту, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік мәдениетін арттыру және ішкі жауапкершілік жүйесін барлық деңгейде қалыптастыру, - дейді Наталья Слабодчикова. - Жүйелі оқыту аясында өндірістік қауіпсіздік бойынша аттестаттаудан өту, еңбекті қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету және басқа да өндірістік оқулар жүргізіледі. Сонымен қатар, орталықта экологиялық стандарттарды енгізуге және қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Аймақтық оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық та маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Корпоративтік орталықтың базасында дуалды оқыту мен өндірістік тәжірибе бағдарламалары жүзеге асырылып, студенттерге кәсіби біліктілікті, соның ішінде экологиялық және техносфералық қауіпсіздік саласында тәжірибе жүзінде меңгеруге мүмкіндік беріледі.

Кәсіпорынның бас экологы Марина Стрельцова кәсіпорындағы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған үздік қолжетімді технологиялар, өндірістік экологиялық бақылау жүйесі және тәуекелдердің алдын алуға арналған шаралармен таныстырды.

Ары қарай санитарлық-өндірістік зертханаға барып, зертхана жетекшісі Гүлзана Шафигуллина қоршаған орта сапасын бақылау әдістері мен құралдары туралы айтып берді.

"Өскемен ЖЭО" ЖШС

Бұл экскурсия экологиялық нормалар мен стандарттарды сақтаудың маңыздылығын көрсетті. Кәсіпрпынның бас экологы қызықты лекция оқыса, зертханада бақылау құрылғыларын көзбен көріп, қолмен ұстап таныстық. Бұл біз сияқты осы саланың болашақ мамандары үшін өте маңызды, - деді Д. Серікбаев ат. ШҚТУ-дың 3-курс студенті Валерия Баптишина.


Следующая →