Өскемен
ясно
+22°
  • Өскемен
    +22°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +28°
  • Ақтөбе
    +31°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +30°
  • Қарағанды
    +28°
  • Көкшетау
    +25°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +33°
  • Павлодар
    +26°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +32°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +34°
$
526.5
+0.63
611.64
-2.73
¥
73.34
+0.03
6.72
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО диқандары биыл кестеден озып, жаңа технологияларды енгізуде

Бүгінгі таңда 436,1 мың гектар жерге егін егілді, бұл жоспарланған көлемнің 70 пайызын құрайды

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО диқандары биыл кестеден озып, жаңа технологияларды енгізуде
Фото:
pixabay

Былтыр осы кезеңде бар болғаны 320 мың гектар немесе 52,8 пайызы ғана егілген болатын, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы ақпаратына сүйеніп.

2025 жылы облыстағы жалпы егістік көлемі 618,1 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,8 мың гектарға көп. Атап айтқанда, дәнді дақылдарға 252,6 мың гектар, майлы дақылдарға 224,5 мың гектар бөлінген. Оның ішінде 207 мың гектары күнбағысқа арналған. Сонымен қатар, картоп пен қарақұмық егілетін алқаптар да ұлғайтылған, - деді басқарма басшысы Ажар Каджибекова.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі басты жаңалықтардың бірі – заманауи себу техникасының кеңінен енгізілуі. GPS-навигация және қашықтан басқару жүйесімен жабдықталған кешендер агротехникалық талаптарды дәл сақтауға, тұқым мен жанармайды үнемдеуге әрі егіс жұмысын айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік беруде. Мұндай кешен бір күнде 100–150 гектар жерді өңдей алады.

Шаруаларды жанар-жағармаймен қамту үшін 15,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, оның 46 пайызы бүгінде жеткізілді. Сонымен қатар, 44,2 мың тонна минералды тыңайтқышқа келісімшарт жасалып, 40 мың тоннасы өңірге жеткізілді.

Егіс науқанына қаржылай қолдау да көрсетілуде. "Кең дала 2" жеңілдетілген несие беру бағдарламасы аясында 96 ауыл шаруашылығы өндірушісі жалпы сомасы 7,3 млрд теңгеге несие алды. Бұдан бөлек, "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 5,9 млрд теңге бөлініп, тағы төрт шаруашылық қаржыландырылды. Облыстық бюджеттен тұқым шаруашылығын, тыңайтқыш пен пестицидтер құнын арзандатуға, сондай-ақ суармалы суды жеткізуге 5,1 млрд теңге көлемінде субсидия бөлінді, - деді басқарма басшысы.

Следующая →