Өскемен
Бұлтты
-6°
  • Өскемен
    -6°
  • Семей
    -6°
  • Алматы
  • Риддер
    -6°
  • Астана
    -11°
  • Ақтөбе
  • Ақтау
    +2°
  • Атырау
    -1°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -1°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +5°
  • Түркістан
    +5°
  • Орал
  • Шымкент
    +4°
$
498.09
-4.51
577.34
-12.61
¥
72.19
-0.84
6.41
-0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Жазғы каникулда оқушылар ШҚО-ның киелі орындарына барады

Биыл Шығыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беру мекемелерінің 7-8-сынып оқушыларына арналған "Киелі Шығыс" жобасы қолға алынды

Усть-Каменогорск и ВКО / Жазғы каникулда оқушылар ШҚО-ның киелі орындарына барады
Фото:
instagram/shygys_bilim_basqarmasy

Интеллектуалдық байқаудан өткен үздік оқушылар жазғы демалыста облыстың киелі орындарына жіберіледі, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Сәуір айында онлайн платформада барлық аудан мен қала мектептеріндегі 7-8-сынып оқушылары арасында "Киелі Шығыс" интеллектуалдық конкурсы өтті. Конкурсқа 6 144 оқушысы қатысып, өңірлік компоненттерге байланысты "Қазақстан тарихы", "География", "Биология", "Әдебиет" пәндерінен тест тапсырмаларын орындады. Енді конкурстың жеңімпазы болған 200 оқушы маусым айында 4 бағыт бойынша оқу-танымдық турларға қатысады: Берел (Катонқарағай ауданы), Қиын-Керіш (Күршім ауданы), Таулы Үлбі – Риддер қаласы, Сібе көлдері – Марин жартасы, - деп мәлімдеді ШҚО білім басқармасы.

Балалар Шығыс Қазақстанның мұражайларын, қорықтарын, мәдени-тарихи ескерткіштерін, киелі орындарын, табиғи ұлттық парктерін тамашалай алады.

Оқу-танымдық турлар бағдарламасына экскурсиялар, шеберлік сабақтары және туризм негіздері бойынша оқу-практикалық сабақтар енгізілген. Сондай-ақ туған өлкенің дәстүрлері, мәдениеті мен мұрасын зерттеу көзделген.

Оқушыларға ұйымдастырушылар, гид-экскурсия жүргізушілер, туризм бойынша кәсіби жаттықтырушылар, мұғалімдер, медицина және полиция қызметкерлері ілесіп жүреді.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО білім басқармасы Киелі Шығыс Жазғы каникул