"Алтайдан Оралға дейін" республикалық велошеруі басталды
Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументі жанында "Алтайдан Оралға дейін" республикалық велошеруіне ресми түрде старт берілді

200-ден астам адам ШҚО-дан шығып, елдің 8 өңірін жүріп өтпек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Велошеру Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып отыр.
Салтанатты шараға ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, спорт қауымдастығының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Велошеруді 236 адам құрайды, олардың 200-ден астамы қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенті. Ауқымды шараның мақсаты - жұмысшы мамандықтарын насихаттау, еңбекке деген құрметті қалыптастыру және жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану қағидаттарын ілгерілету, - деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.
Велошеру бағыты Қазақстанның сегіз өңірін қамтиды: Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласы. 8 маусымда мәреге жету жоспарланған.