ШҚО-да біреудің телефонынан онлайн несие рәсімдеген алаяқ ұсталды
Шығысқазақстандық зейнеткер өз атына заңсыз несие рәсімделгенін айтып, полицияға арызданған

Танысы оны 700 мың теңге қарызға батырған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Тұрғынның айтуынша, танысы оның үйінің ауласында жүрген кезде ұялы телефонын аз уақытқа пайдалануға рұқсат сұраған. Алайда құрылғы қолына түскен соң, күдікті бір банктың қосымшасы арқылы жәбірленушінің атына онлайн несие рәсімдеп, кейіннен 700 000 теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп алған, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Полиция қызметкерлері 37 жастағы күдіктіні анықтады және ол жасаған әрекетін мойындады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ешқашан ұялы телефоныңызды бөтен адамдарға бермеңіз. Жеке деректеріңіздің қауіпсіздігін қадағалаңыз және әрқашан сақ болыңыз.