Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +26°
  • Астана
    +31°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +30°
  • Көкшетау
    +26°
  • Қостанай
    +24°
  • Қызылорда
    +37°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +22°
  • Тараз
    +28°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +29°
$
510.58
+4.37
571.8
+3.38
¥
70.83
+0.56
6.34
+0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен әкімі баланы құтқарып қалған студентпен кездесті

Алмат Ақышов студенттің ерлігін бағалап, оған ақшалай сыйлық берді

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемен әкімі баланы құтқарып қалған студентпен кездесті
Фото:
Өскемен қалалық әкімдігінен

Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбі күні Үлбі жағалауында қыдырып жүрген бала суға құлап, оны сол маңайда жүрген студент құтқарып қалған, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Кездейсоқ оқыс оқиғаның куәсі болған Ерасыл жылдам әрі дұрыс шешім қабылдап, баланы аман алып қалды.

Қала әкімі Алмат Акышов ҚАЕУ "Психология" мамандығында оқып жатқан студент Ерасыл Омархановпен кездесті. Оның батылдығы, табандылығы және жақынға көмек көрсетуге деген шынайы ниеті зор құрметке лайық. Әкім Ерасылға алғыс хат пен ақшалай сыйлық табыстады. Сонымен қатар. "AN Group" компаниясы студенттің оқу ақысын өтеу туралы бастама көтеріп, оның білім алуына қолдау білдіруге дайын екенін жеткізді.

Ерасыл бұл әрекетін ерлік деп санамайтынын, мұндай жағдайда әр азаматтың дәл осылай көмекке келуі тиіс екенін айтты.

Осындай саналы, жүрегі кең, елге жанашыр жастарымыздың бар екені қуантады. Ерасылдың бұл өнегелі ісі өзгелерге үлгі болып, қоғамда мейірім мен жауапкершілікті арттыра түсетініне сенімдімін, - деді қала әкімі.

Следующая →