Биыл Өскеменде 35 көшенің жолы жөнделеді
Өткен жылмен салыстырғанда қаржы көлемі де, жөнделетін көше саны да артқан

Бұл туралы қалалық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ержан Ибраев мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскеменде жол жөндеу маусымы жыл басында басталып, бүгінде алғашқы кезең өз мәресіне жақындап қалды.
Қазіргі уақытта 20 және 21-ші шағын аудандарындағы 7 нысанда жолды қайта жаңарту жұмыстары толық аяқталды. Болашақ көшесінде де жөндеу жұмыстары жақында аяқталды – бұл көшеде бұрын асфальт мүлде болмаған еді. Сонымен қатар, Геологиялық көшесі мен Абай, Назарбаев даңғылдарындағы бірқатар екінші дәрежелі жолдарға да күрделі жөндеу жасалды, - дейді Ержан Ибраев. - Қазір Шәкәрім даңғылы мен Севастополь көшесінде асфальт төсеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірінші кезең мамыр айының соңына дейін толық аяқталады деп жоспарлануда.
Биыл қала бойынша 35 көшеде жөндеу жүргізіледі. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы көлемі де, жөнделетін көше саны да артты.