Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +28°
$
510.06
-3.68
566.32
-2.85
¥
70.84
-0.42
6.32
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемендегі әуежайда 79 адам тәртіп бұзған

Тәртіп бұзғандардың көбі қоғамдық орындарда шылым шегіп, ішімдік ішкен

Усть-Каменогорск и ВКО / Өскемендегі әуежайда 79 адам тәртіп бұзған
Фото:
Устинка LIVE

Жыл басынан бері "Өскемен-1" станциясындағы желілік полиция қызметкерлері әуе рейстері бортында және әуежайларда жасалған құқықбұзушылықтар бойынша 79 адамды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Көбінесе полицейлер белгіленбеген орындарда темекі шегу (57 дерек), қоғамдық орындарда ішімдік ішу және мас күйде жүру (20 дерек) фактілерін тіркеген. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылықтың бір жағдайы тіркелді.

Бұдан бөлек, аса қауіпті оқиға – терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру дерегі тіркелді. Құқықбұзушы Шемонаиха ауданының тұрғыны екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған 5 мың АЕК дейін айыппұл салынуы, түзеу жұмыстары, бостандығын шектеу немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Полиция қызметкерлері ұшақ бортында және әуежайларда тәртіп бұзу – жай ғана бұзақылық емес, қауіп төндіретін әрекет екенін ескертеді. Мысалы, темекіден шыққан ұшқын жанғыш материалдардың болуына байланысты өртке себеп болуы мүмкін.

Следующая →