Өскемен
ясно
+19°
  • Өскемен
    +19°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +27°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +17°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +28°
$
510.06
-3.68
566.32
-2.85
¥
70.84
-0.42
6.32
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да шекара маңындағы аудандарда ауқымды өзгерістер басталды

Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру аясында Өскеменде "Шекаралық аумақтарды дамыту – өңір дамуының негізі" тақырыбында сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да шекара маңындағы аудандарда ауқымды өзгерістер басталды
Фото:
ШҚО ІСБ ұсынды

Жиынға облыстық басқармалар, қоғамдық ұйымдар, ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Онлайн режимде Зайсан ауданы әкімдігі қосылды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпаратына сүйеніп.

Талқылауға әлеуметтанушы, ғылым кандидаты Элеонора Столярова, Ұлттық құрылтай мүшесі Ольга Кузовлева, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Зарина Камасова, сондай-ақ экономика, білім беру, жер қатынастары, кәсіпкерлік, туризм басқармаларының өкілдері, Зайсан ауданының әкімі мен ғалымдар қатысты.

Шекара маңындағы елді мекендердегі жағдай мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді және стратегиялық маңызға ие. Сондықтан бұл бағыттағы жүйелі жұмысты жалғастыру қажет, - деген еді ҚР Президенті.

Жиынды жүргізген облыстық мәслихаттың төрағасы Денис Рыпаков Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық аудандар мәртебесінің қалпына келтірілуі нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті. Мәселен, өңірлерде әлеуметтік және экономикалық өмір жанданып, инфрақұрылым жақсарып келеді.

Маңызды қадамдардың бірі – Тарбағатай, Үлкен Нарын және Марқакөл сынды бұрын таратылған шекаралық аудандардың мәртебесін қайта қалпына келтіру. Бұл аумақтардың дамуына, жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етті. Сондай-ақ, шекаралық аудандарға қоныс аударушыларға түрлі бағдарламалар арқылы қолдау көрсетіліп, "Дипломмен – ауылға!" жобасы бойынша мамандар тартылуда.

Кездесуде көлік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Солардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы көпір салу жобасы сәтті жүзеге асырылып, өңірдің көлік байланысын едәуір жақсартты. Сонымен қатар, Зайсан және Катонқарағай аудандарында екі жаңа әуежайдың құрылысы жүріп жатыр.

Қазіргі таңда инфрақұрылымдық және әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға, мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған жаңа Өңірлік даму тұжырымдамасы әзірленуде.

Следующая →