Ертең Өскеменде ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Бұл жолы сенбілік жәрмеңкеге Шемонаиха ауданының фермерлері келеді

Жәрмеңке облыс орталығындағы екі орында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шемонаиха ауданының тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі "Алтай" көтерме-тарату орталығының аумағында (Жібек Жолы көшесі, 44), жергілікті өндірушілердің өнімдері Достық үйінің жанында (Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 68) өтеді.
Бұл күні облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары сүт, ет және шұжық өнімдері, азық-түлік, бал, көкөністер, жемістер және басқа да тауарларды арзан бағада сатып ала алады.
Жәрмеңке уақыты: сағат 08.00-ден 15.00-ге дейін.