Көктемгі әскерге шақыру науқаны әскери прокуратураның жіті бақылауында
Шығыс Қазақтан облысында көктемгі әскерге шақыру науқаны Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасының жіті қадағалауында

Қорғаныс істері жөніндегі орган қызметкерлері азаматтарды негізсіз алып кеткен жағдайда әскери прокуратура дереу шара қабылдайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Алайда әскерге шақыру науқанында заңбұзушылықтар тек лауазымды тұлғалар тарапынан емес, азаматтар тарапынан да орын алады. Әскерге жарамды кей азаматтар азаматтық борышын өтеуден жалтарып, заңға қайшы әрекеттерге барады.
Мәселен, 2024 жылы алаяқтық фактілері тіркелді. Аудандық қорғаныс істер бөлімінің азаматтық қызметкері өзінің құзіретіне жатпаса да, азаматтарға әскерге жарамсыз деген құжаттарды заңсыз жасап беремін деп он шақты азаматты алдап, олардың 4 миллион тегеден астам қаражаттарын заңсыз иемеденіп кеткен. Жүргізілген тергеудің нәтижесінде кінәлі тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, ал әскерден жалтармақшы болған азаматтар заңға сәйкес мерзімді әскери қызметтерін өткеру үшін әскерге жіберілді, - дейді Өскемен гарнизонының әскери прокурорыәділет полковнигі Есжан Сыбанбаев.
Осыған байланысты, әскери прокуратура әскерге шақыру бойынша барлық сұрақтардың тек заң аясында шешілуі қажет екенін еске салады. Әскерге шақырылған азаматтар мен олардың ата-аналарына күмәнді ұсыныстар түскенде және құқыққа қайшы әрекеттерді анықтаған жағдайда, олар туралы әскери немесе басқа да жергілікті құқық қорғау органдарына хабарлауды ұсынады.
Жергілікті халықтың құықтан хабардар болу деңгейін көтеру мақсатында Өскемен гарнизонының әскери прокуратурасы жүйелі түрде заңды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Әскерге шақырудың заңдылығы бойынша сұрақтармен жүгінген азаматарға тиісті консультациялар беріліп, оларға заң талаптары түсіндіріледі. Әскери прокуратураның барлық жұмысы "Заң мен тәртіп" басты қағидасын қамтамасыз етуге бағытталған. Әскери прокуратура әскерге шақыру саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етуді және азаматтардың құқықтарын қорғауды жалғастыра бермек, - деді Есжан Әріпұлы.