Өскемен
малооблачно
+21°
  • Өскемен
    +21°
  • Алматы
    +24°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +7°
  • Актау
    +13°
  • Орал
    +8°
  • Қарағанды
    +24°
  • Көкшетау
    +20°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +27°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +27°
$
513.68
-1.35
583.03
-1.79
¥
70.39
-0.28
6.24
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

"SHYGYS AIBYN-2025": Алтайдың командасы оқ бойы озық шықты

Өскеменде "SHYGYS AIBYN-2025" облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына облыстың әр қаласы мен аудандарынан оннан астам команда келді

Усть-Каменогорск и ВКО / "SHYGYS AIBYN-2025": Алтайдың командасы оқ бойы озық шықты
Фото:
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметінен

2025 жылғы 26 сәуір күні Өскемен гарнизонында орналасқан №27943 әскери бөлімінде -ткен сайыс Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылған, хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

"SHYGYS AIBYN-2025" әскери-патриоттық жиыны өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, олардың болашақта Отан қорғауға әзірліктерін пысықтауға, жалпы, әскери саланың тәртібі мен жинақылығына бейімдеуге зор ық­палын тигізеді.

Ауқымды шараға Өскемен, Риддер, Зайсан қалалары мен Алтай, Катонқарағай, Глубокое, Тарбағатай, Самар, Күршім, Марқакөл, Ұлан, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарынан келген құрама командалар келді. Шараның ашылу салтанатына ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты.

Жарыс бағдарламасы екі кезеңнен тұрды: алғашқысы – физикалық дайындықты бағаласа, екіншісі – қатысушылардың әскери-теориялық білімін саралады.

Жас сарбаздар турникке тартылу, жаттығу орнынан кеудені көтеру, әскери эстафета, арқан тарту, пневматикалық мылтықпен ату, АК-74 автоматын толық емес бөлшектеу және жинау, сондай-ақ 3000 метрге (ұлдар) және 1000 метрге (қыздар) жүгіру бойынша өзара бақ сынады.

Жастарымыздың бойында жауынгерлік рухты, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру - біздің басты міндетіміз. Бұл жиын – өскелең ұрпақты Отан қорғауға дайындауда маңызды алаң. Қатысушылардың ынта-жігері мен дайындығы бізді қуантты. Болашақта олардың қатарынан нағыз ел қорғаушылар шығатынына сенімдіміз, – деп атап өтті бөлім ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілі майор Жасулан Сатыбалдиев.

Жарыс қортындысы бойынша жүлделі бірінші орын Алтай ауданынан келген “Сұңқар” командасына, екінші орын Өскемен қаласының “Арыстан” құрама командасына, үшінші орын Риддер қаласынан келген “Сұңқар” командасына бұйырды. Жеңімпаз команда Шығыс Қазақстан облысының намысын “SHYGYS AIBYN-2025” республикалық жарысында қорғайтын болады.

Следующая →