ясно
°
$
501.79
-1.56
595.07
+4.44
¥
72.16
-0.12
6.56
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Биыл ШҚО-дағы "Қонақжай отбасыларға" 140 бала барады

Облыста жүз мыңға жуық бала жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады

Усть-Каменогорск и ВКО / Биыл ШҚО-дағы "Қонақжай отбасыларға" 140 бала барады
Фото:
Устинка LIVE

Бұл туралы облыс әкімдігіндегі отырыста білім басқармасының басшысы Инесса Чернышова баяндады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Жоспар бойынша 99,9% (93 564) оқушы жазғы демалыс, сауықтыру және жұмыспен қамту шараларымен қамтылады, оның ішінде көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың 100% (9 056) қамтылмақ. Жазғы демалыс кезінде 11 қала сыртындағы лагерь (8 мемлекеттік және 3 жекеменшік) 8575 оқушыны қабылдайды; тамақпен қамтамасыз етілген 270 мектеп жанындағы лагерь – 23120 баланы қамтиды; 204 тамақсыз бейінді алаңдарда қосымша білім беру ұйымдары мен аула клубтарында үйірмелер, секциялар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар өткізіліп, 61 869 астам оқушы қамтылады, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, балалар Алматы қаласындағы "Бөбек" және Щучинск пен Қонаев қалаларындағы "Балдәурен" ұлттық білім беру және сауықтыру орталықтарында демалады. Жаз мезгілінде 7-8 сынып оқушыларына арналған әскери-спорттық лагерь Самар ауданындағы "Балауса" лагерінің базасында жұмысын жалғастырады.

Жазғы демалыс кезінде "Қонақжай отбасы" жобасы жалғасын табады. Биыл жоба географиясы 3 ауданның 5 елді мекеніне дейін кеңейіп, 62 отбасы тартылады, 140 бала қамтылады. Жоба балаларды қазақ тіліне толық тілдік ортада практикалық үйретуді көздейді.

Следующая →