Өскеменде бірнеше күнге трамвайлар тоқтайды
25 сәуір кешкі уақыттан 27 сәуірді қоса алғанда, трамвайлар уақытша жүрмейді

Фото:
Устинка LIVE
Өйткені Үлбі көпіріндегі темір жолдарда жөндеу жүргіізлмек, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Үлбі көпірінің түсетін тұстарында трамвай жолдарын жөндеу жұмыстарына байланысты, 25 сәуірден 19.00-ден бастап 27 сәуірді қоса алғанда, трамвайлар уақытша жүрмейді, - деп ескертті Өскемен қалалық әкімдігі.
Осы кезеңде трамвайлардың орнына автобустар қатынайды:
- Промзона — №26 және №27 автобустары;
- №3 трамвай бағыты бойынша, Назарбаев даңғылына - №12, №2 және №1 автобустары.