ШҚО-да осы аптада тасқын қаупі жоғары
Шығыс Қазақстан облысында 21-24 сәуір аралығында күн жауын-шашынды

Фото:
pexels
Осыған байланысты өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
21-24 сәуір аралығында жауын-шашын болжамына (негізінен жаңбыр түріндегі) және температуралық фонның жоғарылауына байланысты қардың одан әрі қарқынды еруі жалғасады. Еріген қар суының және беткейлік ағындардың қалыптасуынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, су жайылуы мен су басуы мүмкін, - деп хабарлады ШҚО ТЖД.