Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +24°
  • Ақтөбе
    +29°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +27°
  • Қарағанды
    +20°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +27°
  • Қызылорда
    +31°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +25°
  • Туркестан
    +23°
  • Шымкент
    +22°
$
509.26
-3.40
574.75
-5.84
¥
70.86
-0.42
6.46
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

ШҚО-да жолдағы қауіпсіздік әуеден дронмен бақылануда

ШҚО аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр

Усть-Каменогорск и ВКО / ШҚО-да жолдағы қауіпсіздік әуеден дронмен бақылануда
Фото:
ШҚО ПД

Әсіресе өңірдегі апат жиі болатын жол учаскелеріне ерекше назар аударылуда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары мен "Кибершериф" борттық кешені белсенді түрде қолданылуда.

Дрондар жол жүрісі қағидаларын бұзғандарды анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция жасақтары дереу әрекет етіп, бұзушыларға қатысты шаралар қабылдайды. Ал "Кибершериф" кешені бейнежазба жүргізіп, көлік құралдарының жылдамдығын өлшейді, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін алыстан анықтап, іздеуде жүрген көліктерді де тануға қабілетті, - деп хабарлады ШҚО ПД.

Ағымдағы жылдың басынан бері дрондар арқылы 10-ға жуық жол ережесін бұзу фактісі анықталса, оның екеуі "Қауіпсіз жол" іс-шарасы кезінде тіркелген.

Рейд барысында Өскемен–Риддер автожолының бір бөлігінде дрон екі жүргізушінің тыйым салынған жерде қарсы жолаққа шығып, қауіпті маневр жасағанын тіркеді. Аталған ереже бұзушылықтарды Haval және Subaru көліктерінің жүргізушілері жасаған. Олардың әрқайсысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, іс материалдары сотқа жолданды. Жүргізушілерге 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылу жазасы күтіп тұр, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі ақпаратында.

Следующая →