Өскеменнен бірнеше ауылға автобустар жүре бастайды
Осы аптадан бастап Марқакөлге, Бозанбай, Жаңа Қанай мен Тройницкое ауылдарына облыс орталығынан автобус қатынайды

Бұл туралы ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Өскемен – Бозанбай бағытында 25 сәуірден бастап, ал басқа үш бағыт бойынша автобустар 1 мамырдан бастап жүреді.
Автобус Өскеменнен (Абай даңғылындағы автовокзал) сағат 11.30 және 16.30-да жүреді. Бозанбайдан (әкімдік жанындағы аялдама) – сағат 7.30 және 13.30-да шығады. Билет бағасы ересектер үшін – 1000 теңге.
1 мамырдан бастап Өскемен – Марқакөл, Өскемен – Жаңа Қанай, Өскемен - Тройницкое бағытында автобус жүреді.
Өскеменнен – сағат 14.30 (Абай даңғылындағы автовокзал), Марқакөлден – сағат 7.00. Билет бағасы ересектер үшін – 4500 теңге. Балалар мен жеңілдік алушы санаттарға арнайы тарифтер бар.Өскеменнен Жаңа Қанайға баратын автобус Мыза көшесіндегі автостанциядан сағат 12.00, 16.50-де жөнелтіледі. Ал кері бағытта сағат 08.20, 13.20-да шығады. Билет бағасы 650 теңге.
Өскеменнен Тройницкое ауылына автобус Мыза көшесіндегі автостанциядан сағат 16.45-те шығады, ал кері бағытта 07.30-да. Билет бағасы 1500 теңге.
Балалар мен жеңілдік алушы санаттарға арнайы тарифтер бар.