ШҚО полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді әуежайда ұстады
Біреудің 5 млн теңгесін қайтармаған азамат 2016 жылдан бері іздеуде жүрген

Тәртіп сақшылары 38 жастағы күдіктіні әуежайда қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті біреудің қаражатын сеніміне кіре отырып оған қиянат жасаумен иемденгені үшін іздестірілген. Осы жылдар ішінде ол әділ соттан жалтарып, тұрғылықты жерін жиі ауыстырып отырған және қоғамдық орындардан әдейі бой тасалап жүрген, - деп мәлімдеді ШҚО ПД.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні Өскемен қаласына ұшып келген сәтінде, ұшақтан түскен бойда ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.